Өлең сүйер қауым халық ақыны Ф Оңғарсынованы ақтық сапарға шығарып салды

Өлең сүйер қауым бүгін халық ақыны Фариза Оңғарсынованы ақтық сапарға шығарып салды. Поэзия падишасымен қоштасуға қарапайым азаматтармен қатар үкімет мүшелері, депутаттар да келді. Қаралы жиында сөз алғандар ақынның азаматтығы туралы тебіріне сөйледі.
Фариза Оңғарсыновамен қоштасуға келгендер «Көрменің» ат шаптырым залына сыймай жатты. Арғысы Атыраудан, теріскейдегі Павлодар, күнгейдегі Алматы, Шымкенттен аязды күнге қарамастан автобуспен келгендер де баршылық. Ақынмен қоштасу үшін қайғы жамылған жұрт сағаттап кезекте тұрды.
Премьер-министр Серік Ахметов бастаған үкімет мүшелері, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қоштаған депутаттар, елге танымал тұлғалар қабырғасы қайысқан өлең сүйер қауымның ортасында жүрді. Жоқтаулар жүректен айтылғандай.
ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ, Астана қаласының әкімі:
Фариза Оңғарсыновамен бір айда, бір жылда өмірге бірге келген, соңғы деміне дейін әдебиетте, мына қысқа ғұмырда қасында тел қозыдай бірге жүрген құрдасы Әбіш Кекілбаев Фаризаның өмірге келгеніне, соңында гауһардай асыл мұра қалдырғанына рахмет айтты. Ал, әдебиеттегі інілері кешірім сұрап, қоштасу өлең арнады.
НҰРЛАН ОРАЗАЛИН, ҚР Парламент Сенатының депутаты, Жазушылар Одағының төрағасы:
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКОВ, Ақын:
Қаралы митинг аяқталып, соңғы сапардың алғашқы қадамы басталғанда кең зал күңіреніп кетті. Жоқтау айтып жылаған зарлы жұрт қалды.
Жетпіс бес жасқа қараған шағында бұ дүниеден өткен Фариза Оңғарсынованың мәйіті Астананың іргесіндегі ел аузында Қабанбай батыр қорымы аталып кеткен жерге жерленді. Сықырлаған сары аязға қарамастан жаназаға қатысып, топырақ салуға келген жамағаттың қарасы қалың болды.
16:41
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!