Көктемде, шыбын шықпай тұрып ауылда қозы-лақ, бұзау-торпақты піштіру науқаны басталады. Ерте кестіріп жіберген мал жақсы семіреді, «шыбығына су жүгіргенде» қошқарлық (текелік, бұқалық, т.б.) құрып сенделмей, алаңсыз жүреді. Бұл бейнежазбада Батыс Қазақстан облысы Тайпақ өңіріндегі Базаршолан ауылдық округіне қарасты Жаманқұдық ауылындағы бір сәт. 2016 жылғы жазба.