Ауған соғысы кезінде Паншер шатқалы үлкен стратегиялық маңызы бар нүкте болды. «Тым болмағанда Паншерді 1 ай ұстап тұру керек!» деп шешкен КСРО-ның әскери қолбасшылары шатқалға ең таңдаулы, ең ержүрек батальондарды қалдырады. Соның бірі Борис Керімбаевтың батальоны болатын. Оның ерлігі аңызға айналып, «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа жайылған-ды.
Халықтың «Қара майоры», тарихи тұлға Борис Керімбаев Төкенұлының арнамызға берген соңғы сұхбатынан өрілген «Паншер патшасы» деректі фильмін назарларыңызға ұсынамыз.